2020 жыл 02 сәуірдегі жағдай бойынша

02 апреля 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
2020 жыл 02 сәуірдегі жағдай бойынша  - 272152177

2020 жыл 01 сәуірде қала прокуратурасы және Полиция департаменті қызметкерлерінен құрылған мобильді тобымен қорғаныс респираторлік - маскалары (барлығы 220 дана, жалпы соммасы 300 мың теңгеден астам) және дезинфекциялық құралдарды (1,7 тонна, жалпы соммасы 1,5 млн. теңгеден астам) заңсыз сату фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 01.04.2020 жыл 19.00 сағаттан кейін азаматтар Батуллин және Ережепов төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның, өте қажет болмаса адамдар мен жеке көлік құралдарының қозғалысын шектеу жөніндегі қалалық штабтың шешімін елемей, уәкелетті органдарда тіркеусіз және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөліміне хабарлама жібермей «Газель»  автокөлігімен медициналық құралдарды көтерме сауда жасаған.

Жоғарыдағы көрсетілген фактілер бойынша Б.Батуллин мен М.Ережеповқа қатысты ҚР ӘҚБК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) және ҚР ӘҚБК-нің 476-бабының 6-бөлігімен (карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік материалдары сотқа қаралу үшін жолданды. 

Қалақық прокуратура коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған карантиндік талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін еске салады.

2020 жыл 02 сәуірдегі жағдай бойынша  - 1699759525