Заңсыз дәріханалар жауапкершілікке тартылды

12 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасының үйлестіруімен дәрілік заттарды заңсыз, оның ішінде негізсіз жоғары бағамен сату фактілерінің жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Прокуратура, Полиция, Экономикалық тергеу, Мемлекеттік кірістер және Фармацевтикалық бақылау департаменттерінің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ барлық дәріханаларды барынша қамтыды.

«Dari.kz» сайтынан түскен шағымдар бойынша, сондай-ақ, басқа көздерден алынған мәліметтер (әлеуметтік желілер, жедел ақпарат, сенім телефондары және т.б.) 535 дәріхана тексерілді (жалпы санынан 96%).

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 11 тамызы аралығында құқық қорғау органдары жеке тұлғалардың дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды заңсыз қайта сату фактілері бойынша 56 материал және дәріханаларда жоғары бағамен дәрілік препараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік препараттарды сату фактілері бойынша 107 материал тіркеді.

Осы фактілер бойынша 201 әкімшілік іс қозғалды (ӘҚБтК 424 «заңсыз Медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет» - 2, ӘҚБтК 425 «халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» - 136, ӘҚБтК 426 «фармацевтикалық қызмет қағидаларын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын бұзу» - 54, ӘҚБтК 463 «кәсіпкерлік қызметпен рұқсатсыз айналысу» - 9).

Мысалы, Әуезов көшесі, 29-үйде орналасқан «Медеу» дәріханасында («Астана-ОНИК» ЖШС) 625 теңгеден сатылған «Ципролет 250 мг - 10 таблетка» дәрілік препаратына шекті бағаны көтеру фактісі анықталды. (шекті бағасы 595 тг).

Осыған байланысты, 29.07.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылғын ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен «Астана –ОНИК» ЖШС ӘҚБтК-нің 426-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын 1 (бір) ай мерзімге тоқтата тұру түрінде жаза тағайындалды, өйткені бұған дейін 2019 жылдың желтоқсанында бұл ЖШС шекті бағаны асырғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларының асып кету фактілері бойынша барлығы ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 44 іс қаралды, барлығы бойынша әрқайсысына 180 570 теңге мөлшерінде айыппұл салынды:

1) Мұстафин к-сі, 15, ВП 17 дәріханасы («Баязитова Ж.К.» ЖК); 2) Мәңгілік Ел к-сі, 17-үй бойынша «Лайм Фарм» дәріханасы («Темиреева Г.Т.» ЖК); 3) Бөкейхан к-сі, 40-үй бойынша «ЭКО» дәріханасы («Алия Фарм» ЖШС, директоры Уразалинова А.А.); 4) Қошқарбаев к-сі, 10-үй бойынша «Айлин и Ко» дәріханасы («Айлин и КО» ЖШС, директоры Исканова Г.О.); 5) «Халық фарм» дәріханасы С.Сейфуллин көшесі, 41 үй («Eastern elite» ЖШС, директоры Тураханов А.Ж.); 6) Сейфуллин көшесі, 4/2 мекенжайындағы «Kemelpharm» дәріханасы («Kemel-Nur» ЖШС, директоры Бектібай А.С.); 7) Кенесары көшесі, 51 үйіндегі дәріхана («Әбділбаева» ЖК); 8) Бейсеков көшесі, 3 үйіндегі дәріхана («Асильбаева Д.А.» ЖК); 9) Сарыарқа даңғылы, 11 бойынша дәріхана («Аңсар-Фарм» ЖШС, директоры Түлкібаева К.Е.); 10) Ташенов тұйық көшесі, 8 бойынша дәріхана («Кезекші дәріхана» ЖШС, директоры Ибраева А.М.); 11) Шевченко көшесі, 8 бойынша дәріхана («Медилаб» ЖШС, директоры Нигишева Р.К.); 12) Янушкевич көшесі, 12/1 бойынша дәріхана («Фарм-Бизнес Астана» ЖШС, директоры Нурпеисов Е.И.); 13) Тлендиев к-сі, 50 дәріхана («Фаворит Фарм» ЖШС, директоры Қожахметов А.С.); 14) Сейфуллин к-сі, 9 дәріхана («Дарбаева Р.З.» ЖК); 15) 189, 9 к-сі бойынша дәріхана («Мамаева А.К.» ЖК); 16) Тәуелсіздік к-сі, 21/5 бойынша «Пульс» дәріханасы («Базикова и ЮК» ЖШС, директоры Базикова Л.Н.); 17) Тәуелсіздік к-сі, 32 бойынша дәріхана («Сулейменова А.К.» ЖК); 18) Мәңгілік Ел даңғылы, 53 бойынша дәріхана («Бермаханова К.Ш.» ЖК); 19) Иманов көшесі, 18/1 бойынша дәріхана («Акцепт Финанс» ЖШС, директоры Бейсенбай Б.А.); 20) Ш. Айтматов көшесі, 29а бойынша дәріхана («Дәулет Мирас» ЖШС, директоры Камитов Б.М.-Р.); 21) Ғабдуллин көшесі, («Сити-Фарм» ЖШС, директоры Б.М. Саляхов); 22) Абылайхан даңғылы, 54а дәріхана («Сайлыбаева М.Ж.» ЖК); 23) Сейфуллин даңғылы, 46/1 дәріхана («Зару-мед Фарм» ЖШС, директоры Е.Н. Джумабаева); 24) Иманов көшесі, 19 Дәріхана («Ай Фармация» ЖШС, директоры Куниярова М.Б.); 25) Иманов көшесі, 19 мекенжайы бойынша дәріхана («Ай Фармация» ЖШС, директоры М.Б. Куниярова); Қорғалжын тас жолы, 4 («Мир-5» ЖШС, директоры Миронюк Н.В.); 26) Қабанбай батыр даңғылы, 42 дәріхана («Альфарм 2020» ЖШС, директоры Бақытжанқызы Д.); 27) Иманов көшесі, 9 «Честная аптека» дәріханасы («Kazbiotech» ЖШС, директоры Шагиахметов Р.Р.); 28) Кенесары көшесі, 69 дәріхана («ARYS FARM» ЖШС, директоры Омаров Т.Т.); 29) дәріхана «Аптека.сом («Юракова Н.Н.» ЖК); 30) Нарықбаев к-сі, 10 бойынша дәріхана («Алан фарм» ЖШС); 31) Әуезов к-сі, 21-үй бойынша дәріхана («Биофарм» ӨК); 32) Сейфуллин к-сі, 35 бойынша «Максима Фарм» Дәріханасы («Максима Фарм» ЖШС); 33) Айнакөл к-сі, 60 бойынша дәріхана («Жания 2019» ЖШС); 34) Кенесары көшесіндегі дәріхана, 50 («Дубль» ЖШС); 35) Қайсенов көшесіндегі «Сіздің денсаулығыңыз» дәріханасы, 6 («Lime» ЖК); 36) Мәңгілік Ел көшесіндегі дәріхана, 19 («Өркен фарм» ЖШС); 37) Біржан сал көшесіндегі «Гиппократ» дәріханасы, 3а («МФК Гиппократ» ЖШС); 38) 38 көшесі бойынша, 10 («Қолдау Болашақ» ЖШС) көшесіндегі дәріхана; 39) Кенесары көшесіндегі дәріхана, Жүргенов көшесі, 27 («Алифарм Астана» ЖШС); 40) Ә. Молдағұлова көшесі, 29В дәріхана («Дармина НС» ЖШС); 41) Мұхамеджанов көшесі, 7 дәріхана («Аза Фарм» ЖШС); 42) Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 дәріхана («Нұргүл Астана» ЖШС); 43) Қосшығұлұлы көшесі, 17 дәріхана («Шақура Оспан» ЖШС»); 44) Республика даңғылы, 47 дәріхана («Самга-4» ЖШС).

2 іс ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-бөлігімен (заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет) қаралып, оларға айыппұл салынды.

136 іс ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу), олар бойынша айыппұлдар салынды.

Қазақстанда тіркелмеген дәрілік препараттарды сату фактілері бойынша ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігі бойынша қызметін 1 ай мерзімге тоқтата отырып, әрқайсысына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды («Гамма Фарм» ЖШС, «Zhanel Farm» ЖШС, «Бейсекеева» ЖК, «Epharmacy» ЖШС, «Старый лекарь» ЖШС, «ЗАРУ-МЕД ФАРМ» ЖШС, «Genius78» ЖШС) және дәрілерді тәркілеу («Ингавирин», «Цефтриаксон» препараттарының 248 пакеті), («Сумамед», «Калидавир», «Азитромицин») 5 289 300 теңге сомасына.

ӘҚБтК-нің 463–бабының 1-бөлігі бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар (барлығы 1346 қаптама мен ампулалар – «Парацетамол», «Ингавирин», «Цефтриаксон», «Азитромицин», «Клексан», «Цефтриаксон», «Азитромицин», «Клексан», Б.Мыңбаев, М. Қабдуллина, Т.Шүменов, Р.Жақашева, А.Көбенова, А.Досанов, А.Байғозиева, Е.Хасанзада, А.Жұмаев) тәркіленіп, әр адамға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Ксарелто ривароксан», «Эуфиллин», «Сумамед», «Лавомакс», «Цефазалин», медициналық маскалар - 7 850 дана) 1 863 000 теңге сомасына.

Тәркіленген тауар фармацевтикалық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.