11 дәріхананың иелері дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

03 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қалалық прокуратура, Полиция, Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеу, Фармацевтикалық бақылау департаменттерінің қызметкерлері құрамындағы мобильді топ күн сайын дәрілік заттармен алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Instagram, Facebook, Тelegram, WhatsApp және т.б. әлеуметтік желілердегі хабарламаларды зерттеу, соның ішінде "I-teka" қосымшасын пайдалану арқылы баға мониторингі тұрақты түрде жүргізіледі.

17.07.2020 жылғы жағдай бойынша дәрілік препараттарды жоғары бағамен сататын 30 дәріхана, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрі-дәрмектер анықталды.

Қаралған материалдар бойынша 11 құқық бұзушы (дәріхана иелері) ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу) бойынша әрқайсысына 180 570 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, "Лайм Фарм" ЖК, "Асильбаева Д.А." ЖК, "Ансар-Фарм" ЖШС, "Medi Lab Smartpharma" ЖШС, "Баязитова Ж.К." ЖК, "Абдильбаева А.Т." ЖК, "Мамаева А.К." ЖК, "Сулейменова А.Ж." ЖК, "Базикова и ЮК" ЖШС, "Фарм-Бизнес Астана" ЖШС, "Бермаханова К.Ш." ЖК жауапкершілікке тартылды.

Бір жыл ішінде белгіленге шекті бағалардың арту фактісі қайта жасалған кезде фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын бір айдан алты айға дейін тоқтата тұру түрінде жауапкершілік туындайды.

19 дәріхана бойынша уәкілетті орган материалдарды жинауды және зерделеуді жүргізеді.

Қазақстанда тіркелмеген дәрілерді сату фактілері бойынша 2 құқық бұзушыға қатысты материалдар ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігі (сақтау, өткізу, тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды) бойынша сотта қаралуда.

Дәрі-дәрмектердің алыпсатарлығына қарсы күрес жалғасуда.