Дәрі-дәрмектермен алыпсатарлықты тоқтатайық

03 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасының үйлестіруімен дәрілік заттарды заңсыз, оның ішінде негізсіз жоғары бағамен сату фактілерінің жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Прокуратура, Полиция, Экономикалық тергеу, Мемлекеттік кірістер және фармацевтикалық бақылау департаменттері қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 22 шілдесі аралығында рейдтік тексерулермен жеке тұлғалардың дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды заңсыз қайта сатуының 46 фактісі және дәрілік препараттарды жоғары бағамен, сондай-ақ тіркелмеген дәрілік препараттарды сатудың 47 фактісі анықталды.

Барлық анықталған фактілер бойынша 32 әкімшілік іс қозғалды (426 "фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласын бұзу" ӘҚБтК - 30, 463 "кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен рұқсатсыз айналысу" ӘҚБтК - 2).

23.07.2020 жылғы жағдай бойынша Фармацевтикалық бақылау департаментімен ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 18 іс қарады (дәрілік заттарға белгіленген шекті бағалардың артуы), олар бойынша әрқайсысына 180 570 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, тағы 7 іс қаралуда.

1) Мұстафин к-сі, 15, ВП 17 дәріханасы ("Баязитова Ж. К" ЖК); 2) Мәңгілік Ел к-сі, 17-үй бойынша "Лайм Фарм" дәріханасы ("Темиреева Г.Т." ЖК); 3) Бөкейхан к-сі, 40-үй бойынша "ЭКО" дәріханасы ("Алия Фарм" ЖШС, директоры Уразалинова А.А.); 4) Қошқарбаев к-сі, 10-үй бойынша "Айлин и Ко" дәріханасы ("Айлин и КО" ЖШС, директоры Исканова Г.О.); 5) "Халық фарм" дәріханасы С.Сейфуллин көшесі, 41 үй ("Еastern elite" ЖШС, директоры Тураханов А.Ж.); 6) Сейфуллин көшесі, 4/2 мекенжайындағы "Kemelpharm" дәріханасы ("Kemel-Nur" ЖШС, директоры Бектібай А.С.); 7) Кенесары көшесі, 51 үйіндегі дәріхана ("Әбділбаева" ЖК); 8) Бейсеков көшесі, 3 үйіндегі дәріхана ("Асильбаева" ЖК); 9) Сарыарқа даңғылы, 11 бойынша дәріхана ("Аңсар-Фарм" ЖШС, директоры Тулкибаева К.Е.); 10) Ташенов тұйық көшесі, 8 бойынша дәріхана ("кезекші дәріхана" ЖШС, директоры Ибраева А.М.); 11) Шевченко көшесі, 8 бойынша дәріхана ("Медилаб" ЖШС, директоры Нигишева Р.К.); 12) Янушкевич көшесі, 12/1 бойынша дәріхана ("Фарм-Бизнес Астана" ЖШС, директоры Нурпеисов Е.И.); 13) Тлендиев к-сі, 50 дәріхана ("Фаворит Фарм" ЖШС, директоры Қожахметов А.С.); 14) Сейфуллин к-сі, 9 дәріхана ("Дарбаева Р.З." ЖК); 15) 189, 9 к-сі бойынша дәріхана ("Мамаева А.К." ЖК); 16) Тәуелсіздік к-сі, 21/5 бойынша "Пульс" дәріханасы ("Базикова и юк" ЖШС, директоры Базикова Л.Н.); 17) Тәуелсіздік к-сі бойынша дәріхана ("Базикова и юк" ЖШС); Алаш даңғылы, 32 ("Сулейменова А.К." ЖК); 18) Мәңгілік Ел даңғылы, 53 ("Бермаханова К.Ш." ЖК) дәріханасы.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 13 іс жіберілді (ӘҚБтК – нің 426-бабының 3-бөлігі бойынша – 8 іс, ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша – 5 іс), оның ішінде 5 іс қаралды (ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігі бойынша 2 іс, ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша 3 іс).

ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әрқайсысына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (Қошқарбаев көшесі, 25, ВП 1 бойынша дәріхана - "Zhanel Farm" ЖШС; Күйші Дина көшесі, 11/1 бойынша "24" дәріханасы "Гамма Фарм" ЖШС), қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды және дәрілік заттар тәркіленді ("Ингавирин" препараты 18 орам).

ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша 15 АЕК мөлшерінде (Мыңбаев Б., Қабдуллина М., Шүменов Т.) дәрілік заттар тәркіленіп ("Парацетамол" 234 пластина, "Ингавирин" 53 қаптама, "Цефтриаксон" 744 ампула, "Азитромицин" 54 қаптама, "Эуфиллин" 9 қаптама, "Сумамед" 47 қаптама) 1 570 250 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзғаны үшін Мемлекеттік кірістер органдары ӘҚБтК-нің 284-бабының 3-бөлігі бойынша 10 әкімшілік іс қозғап, барлығы "ескерту" түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.