Елордадағы медициналық дәрі-дәрмектермен заңсыз алып-сатарлықпен күрес

24 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратураның үйлестіруімен Елорданың құқық қорғау органдарының тарапынан төтенше жағдай жарияланған кезден бастап заңдылықты қамтамасыз ету бағытында барынша іс-шаралар қабылдануда.

Қас-қағым сәтте медициналық дәрі-дәрмектер – маскалар мен антисептиктардың тапшылығымен байланысты заңсыз алып-сатарлықпен айналысатындардың әрекеттері прокурорлар, полиция және мемлекеттік кірістер органдарының  қызметкерлерінің қатысумен құрылған мобильдік тобымен дер кезінде жолы кесілуде.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақыттан  бастап барлығы заңсыз алып-сатарлықтың 58 дерегі анықталып, соның ішінде жалпы құны 88 млн. теңгеден асатын 30 мың дана медициналық маскаларды, 50 млн. теңгеге жуық 20 мың литрден асатын антисептиктердің заңсыз сату алып-сату дерегі тосқауыл қойылды.

Барлық деректер бойынша тиісті құжаттар сотпен қаралғаннан кейін, тәркіленген дәрі-дәрмектер қаланың жергілігті атқару органына берілуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу