Благодарственное письмо

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі  Б.Б. Дембаевқа

Д.С. Нурмагамбетовадан

 

Алғыс хат

Құрметті Болат Бекназарұлы!

Мен, Д. Нурмагамбетова аудан прокурорының орынбасары Б.У.Мизанбаев пен бөлім прокуроры Д.Турдалинге қызметтерін адал атқарғандары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

«Троя» қонақүйінде жұмыс істеп жүрген кезде біздің кассамыздан ақша және ұялы телефон ұрланған болатын. Біз бірден Алматы АІІБ-ге жүгіндік, бірақ қылмыстық қудалау органының қызметкерлері әрекетсіздік танытып, өз жұмыстарына салғырт қарады, телефондарына да жауап бермеді. Іс бір орнынан қозғалған жоқ.

Содан кейін прокуратураға барып, аудан прокуроры Б.У.Мизанбаевтың жеке қабылдауына жазылдық, прокуратура істі қайта жаңғыртып, бөлім прокуроры Д.Турдалин істің барысын тікелей қадағалады. Олардың жұмысының арқасында біздің шығынымыз толығымен өтелді. Мен ол кісілердің жұмысына қатты ризамын және бізде осындай қызметкерлердің бар екеніне қуаныштымын.

Құрметті Болат Бекназарұлы, Сізден осы қызметкерлерді көтермелеуіңізді сұраймын.

 

Құрметпен, Нурмагамбетова Д.С.