Астана қаласының прокуроры Сабыржан Мәдиұлы Бекбосыновқа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алғыс хат

Мен, Л.К.Корчмар Сіздің басшылығыңызбен қызмет атқарып жүрген қызметкерлеріңіздің менің «Мастер СС» ЖШС-нен өзіме тиесілі жалақымды алу жөніндегі шағымыма өте мұқият қарағаны туралы жұмыстарын атап өткім келеді.  Бұл кәсіпорында жалақы кешігіп төленеді, тіпті кей уақыттары жылдар бойы кешіктіріп төлейді. Алайда, 2016 жылдың басында Сарыарқа ауданы прокуратурасының қызметкері екінші сыныпты заңгер Ғалы Бексұлтановтың қарауына шағымым түскеннен кейін жиырма күннің ішінде мен өзіме тиесілі жалақымды алдым.

Сондықтан мен Ғалы Бексұлтановқа оның түсінушілігіне, биязылығына, әдептілігіне және мұқияттылығына үлкен алғысымды білдіргім келеді, ол өзінің жұмысына өте берілген қызметкер.

Сабыржан Мәдиұлы, Сізге дұрыс жолға қойылған жұмысыңызға, өзінің қызметін адал және тиянақты атқаратын қызметкерлеріңіз үшін үлкен рахмет айтамын.

Сізге және ұжымыңызға адамдарға көмек көрсеткендеріңіз үшін үлкен табыстарға жетуді тілеймін.

Құрметпен,

Астана қаласының тұрғыны

Л.К.Корчмар