Алғыс хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

Ж.Қ.Асановқа

 

Астана қаласының тұрғыны

Мадина Нұржанқызы

Кәрімнен

Алғыс хат

Құрметті Жақып Қажыманұлы Сізге тағы да өз құрметімді білдіргім келеді. Жақып Қажыманұлы осы жолы Сізге, Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Алан Төлебайұлы Тіленшиевке, оның орынбасары Болат Өсерұлы Мизанбаевқа, бөлім бастығы Арсен Сағындықұлы Бегалинге, Алматы ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры процессуалдық прокурор Азамат Болатұлы Жұмағұловқа олардың жоғары кәсібилілігі үшін зор алғысымды білдіремін.

Осындай кәсіби білікті мамандардың арқасында Қазақстан Республикасының азаматы Рача Халелович Сулеймановты қасақана өлтіру дерегі бойынша созбалаңға түскен қылмыстық істі тергеу аяқталды. Тергеудің алдын ала версиясы бойынша Р.Х.Сулейманов өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда мен тергеудің мұндай ойымен келіспей, Сіздің атыңызға шағым жолдадым. Өз кезегінде менің шағымым Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры А.Т.Тіленшиевтің қарауына жолданды. Ол мені жеке қабылдап, істің барлық мән-жайын толық сұрады. Қылмыстық іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2-бөлігімен, яғни қасақана адам өлтіру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Егер осы жоғарыда аталған қызметкерлердің кәсіби біліктілігі болмаған жағдайда, қылмыскерлер әлі күнге дейін бостандықта жүрер еді. Мен өте бақытты адаммын, мен тергеу кезінде аталған адамдармен танысып, көп нәрсені білдім. Олар шынымен де өз ісінің білгірлері. Мен Сізден барлық туысқандарымның атынан, өз атымнан және халықтың атынан жоғарыда аталған қызметкерлерді кәсіби біліктілігі және прокуратураның қызметіне өлшеусіз үлес қосқандары үшін грамоталармен және төсбелгілермен марапаттауыңызды сұраймын. Сіздің және аталған қызметкерлердің арқасында прокуратура органдарына менде сенім пайда болды.

 

Құрметпен,

Астана қаласының тұрғыны                                                                                                                                                                                      М.Н. Кәрім