Алғыс хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратурасына

 

Алғыс хат

Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры С.Р.Түйжановаға менің апелляциялық шағымым және Есіл ауданы прокурорының апелляциялық наразылығы бойынша қаралған менің Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан 2 маусымына дейінгі аралықтағы  553213 теңге сомасындағы зейнетақы төлемін  өндіруге міндеттеу жөніндегі келтірген талап арызым бойынша азаматтық іс бойынша қатысу барысында заңдылықты мүлтіксіз сақтау бойынша оның жемісті және ұйымдастырушылық жұмысына үлкен алғысымды білдіремін.

Астана қалалық сотының апелляциялық сатысының 2017 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімі жартылай өзгертілді – талап-арыздың 553213 теңге сомасын төлетуге міндеттеу жөніндегі бөлігін қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі бөлігі бұзылып, ол соманы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен өндіру туралы шешім қабылданды.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында зор денсаулық, береке-бірлік, жоғары бедел және мансаптық өсу тілеймін.

 

Құрметпен                                                                                                                                                                                                             Г.Г. Қасымова