Хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

«Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы» ММ, прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс туралы келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 

1.  Аппарат басшысы - басқарма басшысы (C-OGP-4 санаты) – 1 бірлік;

Лауазымдық айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 132 020 теңгеден 178 032 теңгеге дейін.

Функциялық міндеттер:

         - Бас Прокурордың нұсқаулықтарына, салалық бұйрықтарға, қала прокуратурасының жұмыс Регламентіне сәйкес басшылықты, Аппарат және оның топтарының жұмысын ұйымдастырады, Мемлекет Басшысының және Президент Әкімшілігінің, Бас Прокурордың және қала прокурорының тапсырмаларын орындау үшін қойылған міндеттерді құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Бас Прокурордың және қала прокурорының бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің орындалуын, бақылау құжаттарын, жұмыс жоспарларын, қала прокуратурасы алқасының, Нұр-Сұлтан қаласының заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шешімдерінің орындалуын қадағалайды, жұмысты қорытындылайды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Кеңестерді, алқа отырыстарын, Нұр-Сұлтан қаласының заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы күрес бойынша Үйлестіру кеңесін, сондай-ақ қала прокурорының қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға баяндамалар, өзге де қажетті талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, Бас Прокурордың өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, өтініштерді қарау тәртібі туралы және іс жүргізу қызметіне қатысты қала прокурорының бұйрықтары мен өкімдерін құрылымдық бөлімшілердің орындауы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Бас прокуратурадан түсетін жоспарлардың, бағдарламалық құжаттардың, бекітулердің орындалуын ұйымдастырады. Алқаның қорытынды отырыстарына материалдар жинайды және дайындайды. Бас Прокурордың атына тоқсан сайын жұмыс қорытындысы туралы баяндама хат дайындайды. Қала прокурорының тапсырмасы немесе қала прокуратурасының алқа шешімі бойынша тақырыптық тексеру ұйымдастырады. Ұйымдастыру және бақылау жұмысының ұйымдастыру мәселелері бойынш ұйымдық-өкімдік актілердің жобаларын әзірлейді. Құрылымдық бөлімшелердің және төмен тұрған прокуратуралардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау бойынша семиналардың өткізуіне қатысады. Бас прокуратурадан, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан түскен сұратулар мен тапсырмаларды орындайды.    

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

- прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес болуы;

-  құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

-  мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

-  осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.09.2014 жылғы №118 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Қағидасы негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) қызмет нәтижелері туралы анықтама;

3) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ұсыным хат;

Қызметкерлер жеке басын сипаттайтын өзге де қосымша материалдарды бере алады.

Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы,  Қабанбай батыр даңғылы 31, анықтама үшін телефон:  8 (7171) 71-24-07,  71-21-12  e-mail: 7172467@prokuror.kz.

Қызметкерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.