Полиция органдары өтінішті қабылдаудан бас тартқанда не істеу керек?

06 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Полиция бөліміне қылмыс туралы немесе оқиға туралы өтінішпен жүгінген кезде, кезекші бөлімде өтінішті тіркеумен бір мезгілде жедел кезекші талон-хабарламаны рәсімдейді және өтініш берушіге беріледі. Талон-хабарлама екі бөлімнен тұрады: қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның түбіртегі және өтініш берушіге берілетін жыртылмалы талон-хабарлама.

Жыртылмалы талон-хабарламаның артында: интернет-ресурстың мекенжайы http://service.pravstat.kz, өтінішберушіге ақпарат алуға болатын және өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының 1012 (SMS-сервис), 8-800-080-7777 (стационарлық), 1414 (мобильдік) телефон нөмірлері көрсетілген. 

Егер Сіз полиция бөліміне келсеңіз және Сізге қандай да бір себептермен мұндай қылмыстарды тергеумен басқа орган немесе басқа ведомство айналысатынын немесе оқиға бұрыннан орын алғанын және сізге бұрын хабарласу қажет, жұмыс күні аяқталғанын ақтай отырып, арыз қабылдаудан немесе осы бөлімшеге арыз беруден бас тартуын көндіруге тырысқан жағдайда, онда мынаны білу қажет.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттелген. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды не жасалған немесе дайындалып жатқан кез келген қылмыс туралы өзге де ақпаратты олардың жасалған орны мен уақытына, тергеулігіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан қабылдауды полиция органының кезекші бөлімі тәулік бойы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, өтініштерді интернет-ресурстың арқасында интернет арқылы беруге болады "Qamqor.gov.kz" өтініштер тиісті шаралар қабылдау үшін кезекші бөлім қызметкерлеріне тіркеуге тікелей түседі.

Егер Сіздің өтінішіңіз қараусыз қалдырылса, сізді себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.

Сондай-ақ, Сіз өз өтінішіңізді пошта арқылы жібере аласыз, бұл жағдайда ол кіріс хат-хабарларының жалпы ережелері бойынша полиция кеңсесінде тіркеледі, содан кейін бір тәулік ішінде ақпаратты есепке алу кітабында қайта тіркеуге жатады.

Қабылданған шешім туралы орындаушы арыз берушіге жазбаша түрде хабарлауға және сонымен бір мезгілде қабылданған іс жүргізу шешіміне шағым жасау құқығын түсіндіруге тиіс.

Осылайша, құқық бұзушылықпен кім айналысатынына қарамастан Сізден өтінішті қабылдауға тиіс.

Егер арыз қабылдамаса, Сізге арыз қабылдаудан бас тартқан полиция бөлімінің орналасқан жері бойынша прокуратура органдарына жүгіну қажет. Бұл ретте, мүмкін болған жағдайда бас тарту куәгерлері не осы фактіні бейне немесе аудио тіркеу қажет. Арыз қабылдаудан бас тарту фактісі анықталған кезде прокуратура органдары прокурорлық ықпал етудің тиісті шараларын қолданатын болады. Арызды қабылдаудан бас тартқаны үшін полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылады, оның салдарынан қызметкерді ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару да болуы мүмкін.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу