Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары

20 тамыз 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде тарихи қалыптасқан ер адамдардың әйелдерден үстем болуы өзгерістерге ұшырауда. Мемлекет Елбасының тікелей қолдауымен құқық қорғау, әйелдер мен еркектердің құқықтарын бақылау және қайта құру бойынша институттар құруда және дамытуда, дөңгелек үстелдер, өңірлік және халықаралық сипаттағы конференциялар өткізуде.

Гендерлік саясат негіздері 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген, өйткені ол Республика дамуына әйелдердің адами капиталын толық тарту үшін мүмкіндіктерді ашты.

Конституцияның 14-бабында заң мен сот алдында барлық азаматтар тең екендігі жазылған. Ешкім кемсітушілікке, соның ішінде жыныстық белгі бойынша кемсітушілікке тартылмайды. Негізгі Заң Қазақстан Республикасында құқықтық, саяси, әкімшілік және мемлекеттік жүйені қалыптастырудың негізгі принциптері мен критерілерін құрды.

2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол біздің еліміздегі гендердік саясаттың негізгі бағыттарын анықтады.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 29 қарашадағы  № 1677  Қаулысымен 2006-2016 жылдарға Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді  (бұдан әрі - Стратегия).

Стратегия 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтар мен мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізу бойынша  міндеттерді шешуді қарастырады.

Гендерлік теңдік –әйелдер мен еркектердің тең құқықтық мәртебесі және тұлғаларға жынысына қарамастан өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына қатысу үшін өз қабілеттерін еркін қолдануға мүмкіндік беруші тең мүмкіндіктер; әйелдер мен еркектердің қоғамдың өмірдің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларында мүмкіндіктерге, ресурстарға және сыйақыларға тең ие болуды ұйғарады.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында еркектер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір оңалысқа қол жеткізді. Қазақстандық гендерлік саясатты құру кезінде адам, отбасы құқықтары және гендерлік теңдік саласындағы табысты халықаралық тәжірибелер, БҰҰ бағдарламалық құжаттары қолданылды.

Тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында Елбасы келесі міндеттеді қойды: заңнаманы жетілдіру және гендердік теңдікті қамтамасыз ету институттарын құру, әйел құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру және т.б. Қазақстанның гендерлік саясатының басты ерекшелігі гендерлік жобалардың бастамашысы гендерлік даму саласындағы превентивті және озық шаралар қабылдайтын Президент және мемлекет болып табылуында.

Негізгі проблема үй ішінде, балаларды тәрбиелеу бойынша орындалатын міндеттердің барлығы әйелге жүктелуімен сипатталатын тұрмыстық кемсітушілік болып табылады. Алайда әйел қоғамдық еңбекпен еркектермен қатар айналысуы мүмкін. Жасырын кемсітушілік те бар, яғни жұмысқа қабылдау, қызметтік сатымен жылжу кезінде әйелдердің құқықтары мен еркіндігін шектеу немесе қысым жасау, оның құндылығын жыныс белгісі бойынша төмендету.

Қазақстандық гендерлік саясат іске асу және одан әрі табысты табу шыңына жетті. Осылайша, әйелдер мен еркектерді жыныстық белгісі бойынша емес, ал саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы әлеуеттік мүмкіндіктерге ие және мемлекеттік гүлденуі мен дамуына қажетті үлес  және пайда әкеле алатын адами ресурс, тұлға ретінде қарау қажет.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу