«Қазақстан Республикасында 2013-2017 жылдарға діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жобасын жергілікті атқарушы мен уәкілетті мемлекеттік органдардың сапалы және толық орындалуының талдауы»

12 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы прокуратурасының негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылы 24 қыркүйегіндегі жарлығымен бекітілген «Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Бұл бағдарламаның міндеті, қоғамда толерантты діни сананы және радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру болып табылады.

Арнайы және құқық қорғау органдары қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру арқылы діни экстремизм мен терроризм белгілерін анықтау және жолын кесудің тиімділігін арттыру. 

Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты жолдауында: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының алдыңғы қатарлы міндеттері ретінде радикализм, экстремизм мен терроризмнің кез-келген формасы мен белгілеріне қарсы тұру анықталған.

Осыған сәйкес, конфессия аралық татулық пен келісім орнаған, діни сенімі бар адамдармен қатар аттеистік көзқарастағы азаматтардың да құқықтары  сақталған, зайырлы – Қазақстан Республикасының салт-дәстүрі мен мәдениетіне негізделген халықтың діни санасын қалыптастыру, сондай-ақ, ерекше назар аударылған мәселе қоғамдағы, ең алдымен жастардың арасында, діни экстремизмнің алдын алуға ерекше көңіл бөлінген.

Сондай-ақ, қазіргі кезеңде жаһандану процессі мен конфликттілік потенциал халықаралық және ұлттық қауіпсіздік жағдайына айтарлықтай әсер еттуде.

 Әр мемлекеттің ұлттық мүдделерінің қорғаныс деңгейін қауіпсіздік жағдайына тәуелділігін арттыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің қаупі жаһандық мәселеге айналды.

Бұл жағдайда, радикалды діни идеологияның таралуына себеп болатын шарттарды тиімді жою, сонымен қатар экстремисттік және террорсисттік белгілердің жолын кесу үшін қазіргі жүйе жетілдіруді талап етеді.

Бұл бағдарлама діни экстремизм мен терроризм мәселесі бойынша мамандандырылған сарапшылар мен ғалымдардың пікірлері мен ұсыныстарына, сондай-ақ мемлекеттегі діни ахуалдың анализіне негізделген, бағдарлама 5 жыл мерзімге арналған.

Аталған бағдарлама діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында орын алатын мәселелер мен өзекті сұрақтарды шешуге арналған нормативтік ұйымдастырушылық негіз болып табылады.

Сонымен бірге, Бағдарламаның ережелері  заңнамамен кепілденген азаматтардың  ар-намысы мен діни сенімділігіне деген құқықтарына құрметпен қарау керектігін ескере отырып жазылған.

 

Астана қаласы прокуратурасының

 1-ші Басқарма прокуроры Санжар Жанабилов 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу