ЭКСПО-2017 – Мәңгілік ел жолындағы маңызды жоба

16 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тарихы тереңде жатқан  төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.

Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болдық. ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы мемлекетіміздің мерейін үстем етті.

2017 жылы өткізілетін «Ехро 2017» көрмесін өткізу құрметі Астанаға берілді.   

Бұл біз үшін айтарлықтай жеңіс. Астананың сұлулығына, мәдениетіне 103 мемлекет дауыс беріп, біздің қаламыз әлемнің ең көрікті де дамушы қаласына айналды.

Астананың осы байқауда жеңіске жетуіне себеп болған, Елбасы мен қазақ халқының саяси батыл қадамы және сәулетшілер мен құрылысшылардың дарындылығы.

ЭКСПО 2017 – Қазақстан елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын халықаралық көрме. Алда өткізілетін көрменің тақырыбы «Болашақ қуаты».

Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағында өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. Бұл көрмені Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі жобаларының бірі.

ЭКСПО – индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын, бір жарым ғасырлық тарихы бар халықаралық көрме.

Аталмыш шараны өткізе отырып ұтарамыз көп. Мәселен, қаланың көркі арта түседі, шағын және орта кәсіпкерлер туристер есебінен пайда табады, ұлттық құндылықтарымыз насихатталады.

Дегенмен, ел іші болғандықтан заңдылықтың сақталуы да маңызды.

Осы орайда, Астана қаласының Есіл аудандық прокуратурасының бастамасымен, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы әкімшілігінің қолдауымен және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылыс аумақтарында орын алатын травматизм мәселесін төмендету мақсатында ведомствоаралық жиын өткізілді.

Жиында Ата Заңымызда көрсетілгендей жұмыс берушілермен еңбек жағдайының талапқа сай жасақталуы, құрылыс аумақтарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуы, гигиеналық талаптардың заң талаптарына сай орындалуы, жұмысшылардың жалақаларын дер уақытында төлеу және тағы басқа да маңызды мәселелер сөз етілді.

Жиын қорытындысымен әр қатысушы өз ой-пікірлерін ортаға салып, «ЭКСПО-2017» құрылыс аумағында тиімді, әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыру мақсатындағы жобаларын ұсынды.

Аталған мәселелерді сапалы орындау және заң талаптарының сақталуын қатаң қадағалау барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті.

Себебі, «ЭКСПО-2017» көрмесінің дәрежесі мен оның халықаралық маңызы біздің еліміз үшін шексіз болып есептеледі.

Бұл көрмені өткізуге біздің Астанамыз бен Бельгияның Льеж қаласы сайысқа түскен болатын. Біз ұттық. Ендігі міндет – абыроймен атқару, Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі жарқын болашаққа бет түзеген тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік елге» айналу жолындағы тағы бір маңызды қадамы.

Ендеше, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болып еліміздің әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, егемен еліміздің еңсесін көтеретін ірі жобаны абыроймен атқарайық ағайын.

 

 

Астана қаласы

Есіл ауданының прокуроры

аға әділет кеңесшісі                              

Т.А. Әлібаев 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу