Жосықсыз құрылысшының мүлкі тәркіленді

18 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Азбука жилья» компаниялар тобының иесі, үлескерлердің 40 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алған Е. Тайжановқа қатысты қылмыстық істі зерделеумен оның қылмыстық жолмен алынған мүлкі – 5 жер учаскесі және LEXUS LX 570 маркалы автокөлігінің бары анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Тайжановтың халықаралық іздестіруде болуына байланысты Алматы ауданының №2 сотына заңсыз жолмен алынған мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу туралы өтінішхат енгізді.

Аудандық соттың қаулысымен өтінішхат толық көлемде қанағаттандырылып, Тайжановтың мүлкі мемлекет кірісіне өндіріп алынды.

Қазіргі уақытта сот актісі заңды күшіне енді және орындау үшін уәкілетті органға жолданды.

Қала прокуратурасы заңсыз кірістер мен ұрланған активтерді тәркілеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу