Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы ЖАДНАМА

10 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті елорда тұрғындары, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы, жосықсыз құрылыс салушылардың заңсыз әрекеттерінен сақтандыру мақсатында ЕСКЕРТЕДІ!

Тұрғын үйді сатып алу кезінде сатып алушы міндетті түрде құрылыс салушыдан мыналарды біліп, талап ету керек:

  1. жер учаскесіне құқық орнататын құжаттарды;
  2. жобалау-сметалық құжаттамасын;
  3. құрылысқа рұқсаттама;
  4. құрылысты аяқтау кепілдіктерін.

Құрылыс үшін үлескерлердің қаражатын тарту мүмкіндігі бар компаниялар жөнінде мәліметтерді «astana.gov.kz» сайтының «әкімдіктің берілген рұқсаттар базасы» бөлімінен алуға болады.

Соңғы бірнеше жыл аралығында 29 жосықсыз құрылыс салушылар бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдейміз.

Үлескерлерге келтірілген шығын ондаған миллиард теңгені құрайды.  

Шамамен 12 000 үлескерлер 6 жылдан астам өз пәтерлерін ала алмай отыр.

Сондықтан, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы тұрғын үй сатып алудан бұрын құрылыс салушылардың беделі туралы ақпаратпен және олардың заңды құжаттарымен танысуды ұсынады.

 Тұрғын үй алу кепілдігі сіздің қолыңызда!

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу