"Шар-Құрылыс" ЖШС қызметкерлерінің алдында жалақы бойынша берешек өтелді»

28 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

"Шар-Құрылыс" ЖШС құрылыс компаниясында еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды. Яғни, "Шар-Құрылыс" ЖШС және оның "GLB" ЖШС-нің үлестес кәсіпорнында 1080 қызметкердің алдында 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін жалпы сомасы 311 млн.теңгеге жалақы бойынша берешек пайда болды.

Қарыз пайда болған сәттен бастап аталған кәсіпорындардағы жағдай елордалық прокуратураның бақылауында болды.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында уәкілетті орган - Нұр-сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына тексеру жүргізу және пайда болған берешекті өтеу шараларын қабылдау талап етілген қадағалау актілері енгізілді.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде құрылыс компаниясының басшылығы қызметкерлердің алдында өз міндеттемелерін орындады – берешек өтелді.

Сонымен қатар, қала прокуратурасы жұмыс берушілерге жалақыны уақытылы беру бөлігінде еңбек заңнамасын қатаң сақтау туралы - Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей ұсынады және жалақыны төлемегені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.

Жұмыс берушімен жалақыны уақытында төлемеу немесе төлемеу деректері орын алған жағдайда, жұмысшы еңбекақыны өндіріп алу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға, сотқа немесе прокуратура органдарына жүгінүге құқылы екендігі түсіндіріледі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу