Прокуратура мемлекет мүддесін қорғауда

10 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде елорданың Байқоңыр ауданында 6 млн. теңгеге жуық салық сомасын төлеуден жалтарып жүрген  тіркелмеген 8 букмекерлік кеңселер жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Бүгінгі таңда қадағалау шараларымен  мемлекет кірісіне 2 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Бұдан бөлек салық төлеу объектілерін салық органдарында тіркемей қызмет еткен 19 заңсыз  ойын автоматтары, сондай-ақ 18 компьютерлік және 11 бильярд клубтары айқындалды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Салық төлеу объектілерін жасырып, тіркеусіз қызмет етіп жүрген кәсіпкерлерден салықтық төлемдерді өндіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданыны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 3 қадағалау актісі енгізілді.

Нәтижесінде, 100-ден астам компьютерлер мен 19 бильярд үстелі есепке тұрғызылып, 3 букмекерлік кеңселер тіркеліп, олардан 13 млн. теңге көлемінде салық өндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу