Прокуратура кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғауда

23 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура кәмелетке толмағандардың  конституциялық құқықтарын қорғауда - 1841859228

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының бастамасымен судьялардың, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен, алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелеріне қатысты ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді (ҚК 139-бабы)  және сот актілерін (ҚК 430-бабы) орындамау бойынша қылмыстық істердің бірыңғай сот-тергеу тәжірибесін әзірлеу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс-әрекеттер алгоритмі әзірленді.

Статистикаға сәйкес, елордада алимент бойынша 3 мыңға жуық қасақана борышкерлер бар.

Ағымдағы жылы 3 борышкер ҚР ҚК 139-бабы бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті, қадағалау және күш құрылымдары ведомстволары басшыларының ерекше назары борышкерлердің жұмысқа орналасуына және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қадағалауды күшейтуге аударылды.

Кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғау және алимент сомасын өндіріп алу, сондай-ақ, әрбір сот шешімдерін орындамау фактісіне тиісті және қатаң ден қою басты көрсеткіштер ретінде айқындалды.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу