Ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін экстрадицияланған Қазақстан азаматы астаналық сотымен бас бостандығынан айырылды

12 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы 3 жылда астаналық прокуратураның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы 11 азамат шетелден экстрадицияланды (Ресейден, БАӘ, Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, Украинадан, Армениядан), олардың 10-на қатысты айыптау үкімдері өтті (бір іс сотта қаралып жатыр).

Мәселен, ағымдағы жылғы 15 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа аудандық №2 сотымен аса ірі мөлшерде табыс алумен ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырғаны үшін (ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) бұрын Өзбекстаннан экстрадицияланған Б.Е. Атабаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол Қазақстанда казино орналастыруға тыйым салынғанына қарамастан (Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысындағы Щучье ауданын қоспағанда), 2016-2017 жылдар аралығында К.В. Парфенов, Е.С. Мальцев және басқа тұлғалармен бірге пайда табу мақсатында елордада 47 ойын терминалының жұмыс істеуін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тобының қызметіне жалған заңдылық беру үшін кінәлілер қаланың салық басқармасында тіркелген ЖК " И.А. Куликова " арқылы жұмыс істеді.

Мамандардың қорытындысы бойынша терминалдарда орнатылған барлық қосымшалар онлайн-казино ойындарымен бірдей. Ойын автоматтардың қабылданған және берілген ақша қаражаты арасындағы айырмашылық 17,5 млн.теңге құрады. 

Қылмысты қудалау органдарынан жасырынып, Б.Е. Атабаевқа  халықаралық іздестіру жарияланды, 3 ай өткеннен кейін Өзбекстан аумағында ұсталды.

Оның сыбайластары осыдан бұрын елордалық соттың үкімдерімен бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзіміне сотталған.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу