Нұр-Сұлтан прокуратурасындағы жаңа тағайындаулар

31 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Елдос Тоқтасынұлы Қилымжанов Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары, Әбдіров Ерболат Сапабекұлы Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Е.Т. Килымжанов, 1977 жылы туылған, Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастады, әр уақытта Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының аға көмекшісі, Оңтүстік-Шығыс облыстық көлік прокуратурасы прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Авиацияның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, Астана қаласының көлік прокуроры, Медеу, Алатау аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданының прокуроры қызметтерін атқарды. 

Прокуратура органдарындағы жұмыс тәжірибесі – 20 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

 

Е.С. Әбдіров, 1977 жылы туылған, Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы бастады, Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау департаментінің аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасы, Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы прокуратураларының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарын кезекпен атқарды.

Прокуратура органдарындағы жұмыс тәжірибесі – 16 жыл 8 ай.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу