Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

01 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1257871466

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалық етуімен, құқық қорғау және арнаулы органдарының бірінші басшылары, қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалар мен жасөспірімдер суицидінің, олардың арасындағы жиі орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Қатысушылардың назары алдын алу шараларын жандандыруға, уәкілетті органдардың келісілген және мақсатты жұмысын қамтамасыз етуге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігіне аударылды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, балалардың денсаулығын қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді.

Атап айтқанда, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологтар мен медицина қызметкерлері арасында арнайы курстар ұйымдастыру, жасөспірімдердің мектептен тыс, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жәрдемдесу, жас балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін бақылауды күшейту, үй-жайлардың терезелерінен жазатайым құлаудың алдын алу бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерді жобалау және құрылыс жүргізу кезінде жобалау және мердігерлік ұйымдардың ҚНжЕ талаптарын орындауы бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.

Кеңес мүшелері қарастырылған мәселелер бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, баланың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізу бөлігінде нақты ұсыныстар енгізді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 117206532
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1828961167

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу