Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 2097560875

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Б.Қ. Мырзакеровтың басшылығымен, құқық қорғау және арнаулы органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру кеңесі өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы туралы мәселелер талқыланды.

Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің тарапынан мемлекеттік органның беделіне, имиджіне теріс нұқсан келтіретін заңдылықты бұзу фактілеріне аса назар аударды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманын нормаларын бұзудың, әдепке жат мінез-құлық танытудың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдарда ішкі бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметті тиісінше көрсетуді қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешім қабылдау кезінде ашықтық таныту, сондай-ақ артық әкімшілік кедергілерді оңтайландыру және жою жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Кеңес мүшелері қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Кеңес отырысының қорытындысымен - заңдылықтың сақталуына және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар кешенін әзірлеу болып белгіленді.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 545184930
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1881426750
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 333792444

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу