Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті

13 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті - 1499750456

Бүгін, 13 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараны аша отырып, қала прокуроры Бауыржан Мырзакеров прокуратура қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

- Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен құдіретінің символы болып саналады. Тәуелсіздікті алғаннан бері біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастырып келеді. Қазіргі уақытта біздің еліміз бүкіл әлемге өзінің төзімділігімен және мәдени диалогымен танымал, - деп атап өтті қала прокуроры.

Сонымен қатар, қала прокуроры бірқатар қызметкерлерге "Қазақстан Республикасы прокуратурасына 25 жыл" мерейтойлық медальдарын табыс етіп, Алғыс жариялады.

Салтанатты жиын соңында Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы – қалалық прокуратураның қызметкері Абзал Нұрғалиев құттықтау сөзімен аяқтады.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті - 1254984878

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу