Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында прокуратура органдарының құрылуына орай салтанатты жиналыс өткізілді

06 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында прокуратура органдарының құрылуына орай салтанатты жиналыс өткізілді - 124419026

Бүгін, 6 желтоқсанда, қала прокуратурасында прокуратура органдарының құрылған күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға қалалық прокуратураның жеке құрамы және прокуратура органдарының ардагерлері, оның ішінде қала прокуратурасының бұрынғы прокурорлары Т. К. Ержанов пен В. М. Корчагин қатысты.

Сондай-ақ, салтанатты жиынға қала әкімі А. С. Көлгінов қатысып, өзінің құттықтау сөзінде құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы прокурорлық қадағалаудың маңызды рөлін атап өтті.

Жиналысты қала прокуроры Бауыржан Мырзакеров ашып, прокуратура қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қала прокуроры прокуратура ұжымына өз міндетін адал, кәсіби орындағаны үшін алғысын айтып, қала прокуратурасының ардагерлеріне жеке алғысын білдіріп, барлығына денсаулық, амандық пен табыс тіледі.

 Салтанатты жиналыс барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттап, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында прокуратура органдарының құрылуына орай салтанатты жиналыс өткізілді - 1997076533
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында прокуратура органдарының құрылуына орай салтанатты жиналыс өткізілді - 348736028
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында прокуратура органдарының құрылуына орай салтанатты жиналыс өткізілді - 784807020

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу