Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Кәсіпкерлер палатасының бөлімшесімен бірлесіп жеке кәсіпкерлік субъектілерін қабылдауды өткізеді

19 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 27 қарашада кәсіпкерлерді бірлесіп қабылдау өткізіледі, оған бақылаушы мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қалалық және аудандық прокуратуралардың қызметкерлері қатысады.

Қабылдауда кәсіпкерлік өкілдері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, бақылау органдарының тексеріс жүргізу кезінде заңдылықты сақтауы, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындамауы және т.б. мәселелер бойынша қажетті құқықтық кеңестер ала алады.

Қабылдау мына мекенжай бойынша өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО. Өтетін уақыты: 10.00 – 13.00.

Қабылдауға алдын ала жазылуды Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы 8 (7172) 712449, 712125 телефон нөмірлері арқылы және Кәсіпкерлер палатасының бөлімшесі 8 (7172) 919080, 919085 телефон нөмірлері арқылы жүргізеді.

Сондай-ақ алдын ала жазылу 7172123@prokuror.kz электрондық мекенжайына жіберу арқылы да жүргізіледі.

 

Тексеруді талап ететін мәселелерді барынша толық және тиімді шешу үшін қабылдау күні жүгінген адамның қолында толық жауап алғысы келетін мәселе бойынша негізгі уәждер көрсетілген өтініші болған жөн.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу