Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы 2019 жылдың 1-жартыжылдығын қорытындылады

19 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде қала прокуратурасының алқа отырысында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытынды талқыланды.

Отырыста халықтың сенім деңгейін арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіре отырып, әрбір өтінішті жан-жақты және сапалы қарауды қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын өмірдің барлық салаларында қорғауға ерекше назар аударылды.

Мемлекет кірісіне 4,5 млрд. теңгеден астам қаражат өтеліп, 410 мың азаматтың құқықтары қорғалды.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мемлекет кірісіне 1,4 млрд. теңге, оның ішінде қадағалау шаралары бойынша 724 млн. теңге өндіріп алынды.

Үлескерлер бойынша соттар 730 азаматтың мүддесіне 9,9 млрд. теңге сомасында 8 талап-арызды қанағаттандырды. 187-нің мүддесі бойынша 1,9 млрд. теңге сомасында 4 талап-арыз қарау сатысында.

Қабылданған шаралармен алимент бойынша берешек 41%-ға дейін төмендеп, 47 борышкер әкімшілік, 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қаланың криминогендік жағдайы жалпы қылмыстылықтың 19,3%-ға төмендеуімен сипатталады.

Алқа қорытындысы бойынша қала прокуроры Б. Мырзакеров келесі жартыжылдықта басым міндеттер: азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылда үйлестірушілік рөлді арттыру және бюджет қаражатын жымқыру фактілерінің жолын кесу екенін айқындады.

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу