Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

03 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасы тарапынан уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы қылмыстылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Заңсыз ойын бизнесі кеңінен таралып қоғам үшін нақты қауіп төндіруде: бұл төленбеген салықтар, кейбір тұлғалардың сондай-ақ ойын автоматтарына тәуелділігі.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары ойын бизнесі туралы заңнама талаптарын бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, елорда аумағындағы «Байқоңыр» аудандық прокуратурасы заңсыз ойын бизнесінің қызметіне тосқауыл салды.

Қылмыскерлер пайдалануға тыйым салынған ойын автоматтарын адамдар көп жиналатын жерлерде орналастырып, құмар ойыншылардың ұтылған ақшасының есебінен материалдық пайда алып отырған.

Барлығы көрінеу ұтылысқа әкеп соғатын 11 бірлік құмар ойын жабдықтарымен жұмыс істеген 8 орын анықталды.

Аудан прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, нәтижесінде 2 қылмыстық істі сотқа жолдады.

«Байкоңыр» аудандық №2 сотының 29.07.2019 ж. үкімімен аз. Л және аз. Ц. ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша, 07.08.2019 ж. үкімімен аз. И. ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып,  бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалары тағайындалды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу