Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті

27 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті   - 467753125

Бүгін, ағымдағы жылдың 27 қарашасында, қала прокуроры Бауыржан Мырзакеров қалалық кәсіпкерлер палатасы филиалының алаңында шағын және орта бизнес өкілдерімен қабылдауды өткізді.

Іс-шараға филиал басшылығы, бірқатар бақылаушы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесу кәсіпкерлердің туындаған проблемаларын кешенді шешу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін уақтылы және дәйекті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Қабылдауға коммерциялық үй-жайларға пәтерлерді қайта жоспарлауды заңдастыру барысында қағазбастылығы, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау кезінде жыл сайынғы қиындықтар туындағаны,  банк шоттарына негізсіз тыйым салуы,  көлік ұйымының монополияға қарсы органы бір жақты тексеру жүргізгені туралы, және де басқа да  мәселелер бойынша кәсіпкерлер жүгінді.  

Қала прокуратурасымен бірқатар өтініштер өз құзыретінде қарауға қабылданып, кейбір жеке кәсіпкерлерге азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде іс-әрекеттерге және әрекетсіздікке шағымдану тәртібі туралы ауызша кеңес берілді.

Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті   - 104135868
Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті   - 119875558
Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті   - 707815572
Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті   - 1850398699

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу