Нұр-Сұлтан қаласында халықпен кездесу өтті

13 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан қаласында халықпен кездесу өтті - 1809986996

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров «Халық кеңсесі» қағидасы бойынша астана тұрғындарын жеке қабылдауды өткізді.

Жеке қабылдау «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының ғимаратында прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік кірістер, әділет департаменттерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылырының қатысуымен өткізілді.

Аталған іс-шара Мемлекет Басшысының Жолдауындағы мемлекеттік органдарының ашықтығы және адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару туралы мақсаттарды орындау бойынша ұйымдастырылды. 

Жеке қабылдау тұрғындардың сұрақтарын бір алаңда уәкілетті органдар бірлесе отырып жан-жақты қарау және әр азаматтың мәселелерін шешумен ерекшеленді. 

Барлығы 66 адам қабылданды.

Қосымша анықтауды қажет ететін арыздардың қаралуы бірінші басшылардың бақылауына алынып, 28 азаматтардың сұрақтарына сол жерде жауап берілді.

Аталған іс-шараны жүйелі түрде өткізу жоспарланды.

Нұр-Сұлтан қаласында халықпен кездесу өтті - 891693864
Нұр-Сұлтан қаласында халықпен кездесу өтті - 835229169

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу