Нұр-Сұлтан қаласы прокурорларымен "Төленді" ТҚК-нің 700 үлескерінің құқықтары қорғалды

03 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасымен "Төленді" ТҚК құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. А. С. Байжұманов, Н. Н. Анарқұлов және басқа да 7 адам 2012-2016 жылдары 700 үлескердің 7 млрд.теңгеден астам ақшалай салымдарын "Аниса 1,2,3", "Көктал-2", "Абат" және "Абайдың 150 жылдығы"ТК құрылысы кезінде ұрлағаны үшін айыпталды.

Пайшылардың ақшалай қаражаты сотталғандарға жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Байжұманов ТҚК төрағасы бола отырып, өз туысқандары мен таныстарының пәтерлерін және тұрақ орындарын ақысыз заңсыз ресімдеген, ол туралы сотта жәбірленушілердің өздері де мәлімдеген.

Сот талқылауы бір жыл бойы жалғасты. Сотта 500-ден астам жәбірленушіден жауап алынды.

Прокурордың мемлекеттік айыптауын тиісінше қолдау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді, сот 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық жолмен алынған барлық мүлікке жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында тиым салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу