Нұр-Сұлтан қ. прокурорының орынбасары тағайындалды

25 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымына 1976 жылы туылған аға әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды.

Е.Р. Өтегенов прокуратура органдарында қызметін 1997 жылы бастаған.

Әр уақытта Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Алматы қаласы прокуратураларында, оның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

Алматы қаласы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі - 18 жылдан астам.

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу