Медициналық препараттарды заңсыз жасақтау және оны көтерме саудамен өткізу фактісіне жол берілмеді

23 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылдың 22 наурызында қала прокуратурасы және Полиция департаменті қызметкерлерінен тұратын бірлескен мобильді топпен жалпы мөлшері 900 литр, әр қайсысы 5 литрлік 180 дана пластикалық сауыттарға құйылған медициналық препараттарды -  «антисептикті» заңсыз көтерме сауда өткізу фактісі тоқтатылды.

Содан кейін, сату орнын, яғни тұрғын үйді қарау барысында,  кішігірім цех анықталып, ол жерде, 1966 ж.т., А.М. және 1998 ж.т. А.Х. азаматтар антисептиктерді жасақтау мақсатында, контейнерлерде 9 тонна өлшемі спирттіқ сұйықтықты заңсыз сақтағандығы айқындалды.

Заңсыз жасалған және сатуға арналған өнімнің жалпы сомасы 27 млн. теңге құрайды.

Медициналық препараттарды сату және этиль спиртін айналымға шығару лицензиялық қызмет түріне жататындығын ескере отырып, лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.    

Шұғыл тергеу әрекеттерін жүзеге асырған соң, қылмыстық іс тергеулік ретімен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша елорданың құқық қорғау органдарымен тиісті жұмыстар жалғастырылуда. 

Медициналық препараттарды  заңсыз жасақтау және оны көтерме саудамен өткізу  фактісіне жол берілмеді - 1361991640
Медициналық препараттарды  заңсыз жасақтау және оны көтерме саудамен өткізу  фактісіне жол берілмеді - 1656758632
Медициналық препараттарды  заңсыз жасақтау және оны көтерме саудамен өткізу  фактісіне жол берілмеді - 1767644510