Көрнекті мемлекет қайраткерінің мерейтойы

13 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көрнекті мемлекет қайраткерінің мерейтойы - 1951558170

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Г.Д.Нұрдәулетовтың атынан көрнекті мемлекет және саясат қайраткері, белгілі заңгер, сот және прокуратура органдарының ардагері Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлының 80-жылдық мерейтойына орай құттықтау сөзін арнап, онымен жүздесті.   

Бауыржан Мырзакеров ардагерге зор денсаулық және ұзақ өмір тілеп, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық, патриоттық сезімге, мемлекет тағдыры үшін жауапкершілік сезімін оятуға одан әрі ат салысуды жалғастыру туралы айтты.

Қала прокуроры Тамас Калмухамбетұлын шын жүректен құттықтап, біздің еліміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

 

Айтмухамбетов Тамас 1939 жылы Астрахан облысынды дүниеге келген. Өзінің қызметін прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Польшадағы Уақытша Сенімді өкілі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жанындағы Сот академиясының ректоры, сот төрелігі институтының директоры - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры лауазымдарын атқарды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу