Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне есірткіні насихаттау бойынша жаңа бап енгізілді

20 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты қылмыстық заңнамадағы өзгерістер күшіне енді.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін жаңа 299-1-бап енгізілді.

«Насихаттау» деп есірткі туралы, оларды дайындау тәсілдері мен әдістері туралы және пайдаланудың артықшылықтары мен пайдасы туралы кез-келген мәліметтерді тарату түсіндіріледі; «заңсыз жарнама» – медициналық емес мақсаттарда тұтыну мақсатында белгісіз адамдар тобы үшін сатып алу орындары, тәсілдері мен құрамы туралы ақпарат.

Осы әрекеттерді жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Егер бұл қылмыс келесідей ауырлатушы мән-жайлар болған жағдайда: адамдар тобымен; бірнеше рет; білім беру ұйымдарында немесе адамдар көп жиналатын орындарда; БАҚ немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып; қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді.

Сондай-ақ, заңсыз айналым (ҚК-нің 297-бабы) және есірткі қолдануға көндіру (ҚК-нің 299-бабы) үшін жауапкершілікті көздейтін баптарға «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану» және «қоғамдық орындарда» жаңа саралау белгілері енгізілді.

Енді ғаламтор арқылы және қоғамдық орындарда есірткі айналымы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен, ал кәмелетке толмаған адамға осындай тәсілмен есірткі сату – өмір бойы бас бостандығынан айырумен жазаланатын болады.

Бұл қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу