Карантин режимін сақтау

24 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура, әкімдік және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтармен кәсіпкерлік субъектілерімен тұрақты түрде карантин мен төтенше жағдай талаптарын орындау, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалық шектеулерді сақтау жөнінде түсіндірме-ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Әр кәсіпкерге «Төтенше жағдай туралы» Заңның, Президенттің «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығының ережелері, қалалық жедел штабтың, ТЖ-ды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімдері мен талаптары және Бас санитарлық дәрігердің бұйрығы жеткізілуде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы бірлескен бұйрықтың нормалары және оларды сақтамаған жағдайдағы жауапкершілік жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірілуде.

Сонымен, бес ірі супермаркеттерде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» 03.04.2020 жылғы №23 бірлескен Бұйрықтың бағаны көтерумен байланысты бұзушылықтар анықталған.

Мысалы, күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы, иық еті, 1-ші сорт ұны, күріш шекті бағасынан асатын бағалармен сатылған.

14.04.2020 жылы және 20.04.2020 жылы мобильдік топпен ұсынылған құжаттардың негізінде, орын алған бұзушылықтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімдігімен осы сауда субъектілері – супермаркеттерге қатысты ҚР ӘҚБтК-тің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру» 202-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тотырылып, әр қайсысына 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қалалық прокуратура кәсіпкерлік еркіндігін теріс пайдалануға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуді ескертеді.