Халықаралық ынтымақтастық саласындағы құқықтық көмек

10 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, ағымдығы жылдың 10 ақпанында, елордалық прокуратурада қылмыстық істер бойынша халықаралық-құқықтық көмек және шетелден ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша семинар-кеңесі өтті.

Онда Бас прокуратура және қала прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның жаңындағы құқық қорғау органдары академиясының, және де басқа құқық қорғау мен арнайы органдарының қызметкерлері қатысты.

Шара мақсаты - ұрланған активтерді қайтару бойынша жұмыста бірыңғай тәжірибені әзірлеу, сондай-ақ халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы проблемалық мәселелерді шешу.

Құқық қорғау және фискалдық органдар арасында ақпарат алмасудың жеделдігін қаржылық тексерулердің сапасын арттыру қажеттігі атап өтілді, соның ішінде Бас прокуратура әзірлеген шетелден ұрланған активтерді қайтару бойынша Әдістемені пайдалана отырып.

Іс-шара нәтижесі бойынша қатысушылар жұмысты орналастыру және осы бағыттағы іс-әрекеттерді үйлестіру қажеттілігіне бағытталған.

Аталған міндеттерді шешу үшін қала прокуратурасында елорданың басқа құқық қорғау органдарынан мамандар тартумен жұмыс тобы құрылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу