Есіркі заттарын сататын шетелдік сайттардың қызметі тоқтатылды

27 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы қадағалау жүргізу барысында есірткі заттарды және психотроптық препараттарды сатумен айналысқан 6 шетелдік сайттарды анықтады.

Тиым салынған заттарды сату тетіктері ТМД елдері мен шетелдерің кең тараған әрекеттері тәріздес болып шықты.

Ақшасы төленгеннен кейін тауарды бейнекамералармен жабдықтанбаған, адам аз жүретін жерге тығып, сатып алушыға орынды хабарлап отырған.

Қолданылған шаралар нәтижесінде шетелдік сайттарға қол жеткізу тоқтатылып, олардың қызметі республика аумғында шектелді.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу