Елордалық прокурорлар ардагерлерді құттықтады

08 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Нұр-Сұлтан  қаласының  прокуратурасында Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Өз сөзінде қала прокуроры Бауыржан Мырзакеров халықтың ұлы ерлігіне және қазақстандық сарбаздардың фашизмді жеңудегі сіңірген еңбектеріне назар аударды.

Прокуратура органдары ардагерлерінің атына жылы сөздер айтылды, олардың құрметіне прокурорлардың күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Осы күні прокуратура қызметкерлері прокуратура ардагері-Ардагерлер Одағының мүшесі Сапар Жақыповпен кездесті.

Қала прокуроры 86 жастағы тыл еңбеккері С. Жакуповты келе жатқан мерекелермен құттықтап, зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі, сондай-ақ естелік сыйлықты табыс етті.

"Жасы ұлғайғанына қарамастан, сіз Нұр-сұлтан қалалық прокуратура ардагерлер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі болып табыласыз, жұмыс істеп  жүрген қызметкерлер үшін бағдар және адамгершілік тірек болып қаласыз", - деп атап өтті Б. Мырзакеров.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық прокуратура ардагерлерінің Одағында прокуратура органдарының 84 ардагері тұр, оның ішінде 3 – тыл еңбеккерлері.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу