Елордадағы төтенше жағдайы режимінің сақталуы туралы

31 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

30 наурыз 2020 жылы полиция органдарымен 516 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, олар бойынша 150 ескерту жасалып, 366 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, барлығы 2,8 млн. теңгеге айыппұлдар салынды.

Құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі көлік саласында болған – 319 дерек:

  • ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша (жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) - 116;
  • ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) - 75;
  • ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) -46;

Сонымен қатар, тыныштықты бұзу – 22 (ӘҚБтК-нің 437-бабы), тіркеусіз тұру -91 (ӘҚБтК-нің 492-бабы) және абаттандыру қағидаларын бұзу – 32 (ӘҚБтК-нің 505-бабы) деректері анықталды.

Қала прокуратурасы «Жол жүрісі туралы» Заңының 52-бабын басшылыққа алып, уәкілетті органдардың қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімі көлік құралдарын тоқтатуға негіз болып табылатынын түсіндіреді.  

Бұған дейін, қала аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен қосымша шаралар қабылданып, оның ішінде адамдар мен жеке көліктердің қозғалуына шектеу қойылған.  

Осыған орай, жеке автокөліктерді тек ерекше жағдайларда қолдану қажеттілігіне барлық тұрғындар назарын аударамыз.   

Мемлекеттік органдармен қабылданып жатқан барлық шаралар, оның ішінде өзін-өзі оқшаулау туралы ұсынымдар, халық денсаулығын қорғауға бағытталған және әрбір тұрғын өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығының қорғалуына жауаптылықпен қарауы қажет.