Елордадағы құқықты тәртіптің жай-күйі туралы

17 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдарымен тұрғындардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық шабулдардан, құқық бұзушылықты азайту үшін барлық шаралар қабылдануда.

Қала аумағында уақытша шектеулердің іске асырылуына байланысты  қылмыстың едәуір төмендеуі байқалады.  

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бүгінгі күнге дейін, барлығы 1102 қылмыс тіркелген, оның ішінде 7 аса ауыр, 241 ауыр.

Кейбір санатты қылмыстардың айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Атап айтқанда ұрлық 980 нен 327, тонау 59 дан 17, бұзақылық 66 дан 21 (2019 жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда), қоғамдық орында жасалған қылмыстың саны 816 дан 210 төмендеген, бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен 12 ден 4 дейін.

Бірақ атап өтетін жағдай, билік өкілдерімен төтенше жағдайды қамтамасыз ету мақсатында өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде оларға қарсы жасалған қылмыс санының артуы тіркелуде.

Осы уақыт аралығында билік өкілдеріне 8 қорлау, 7 бағынбау, 6 күш қолдану деректер орын алды.

Бұл фактілер бойынша 6 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Мысалы, 08.04.2020 жылы кешкі сағат 20:00 азамат Т. өзінің тұратын мекен-жайын ерекше қажеттілік болмастан  тастап, қоғамдық орында, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы бойында полиция қызметкерінің  карантинді сақтау жөніндегі заң талаптарын елемей, бағынбай, билік өкілдерін түрлі ауыр сөздермен балағаттаған.    

Полиция органымен азамт Т. қатысты ҚР ҚК-нің 378 бабы, 1 бөлігі (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау) және 379 бабымен (төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оған қатысты тергеу сотымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды короновирустық инфекцияны таралуын алдын алуға бағытталған уақытша шектеуді сақтауға, тәртіп сақшыларына құрметпен қарап және олардың заңды талаптарын орындауға шақырады.