Елордада төтенше жағдай режимін сақтау бойынша

28 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елордада төтенше  жағдай режимін сақтау бойынша - 1285255098

Төтенше жағдай режимі жариялағаннан бастап елордалық  құқық қорғау органдарымен  206 тұлға жауапкершілікке тартылды:

- заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін (маска  және антисептик сату) ӘҚБтК-нің 463 бабымен 50 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- ӘҚБтК-нің 478 бабымен (төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) - 1 тұлға.

- ӘҚБтК-нің 476 бабымен  (төтенше жағдай режимін бұзу) - 155 тұлға.

Әкімшілік істерді қарау нәтижесінде 151 тұлғаға жалпы 4 745 290 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл, 55 тұлғаны қамақа алу жазалары тағайындалған.

Сонымен қатар, құқықбұзушылық құралдары -  2336,7 литр антисептик, 20 261 дана медициналық маска мемлекет пайдасына өндірілді.

Жаппай адамдар жиналу обьектілерінің заңсыз жұмыс істеуі және карантин талабының сақталмау фактілері бойынша 90 субъект жауапкершілікке тартылды: кафе-13, азық - түлік емес дүкендері – 23, асхана – 8, донер орындары – 6, бильярд клубтары – 4, тігін шеберханасы  – 4, компьютерлік клубтар- 5, сұлулық салондары -5, сауна – 5, СПА-1, ТҚО – 5,  көлік жуу станциялар -7.

Мысалы, 26.03.2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік сотының қаулысымен,  ұйғарымға қарамастан өзіне тиісті «Бункер» компьютерлық клубының жұмыс жасауына жол бергені үшін азамат К.  3 тәулікке әкімшілік қамақка алынды, себебі 26.03.2020 ж. сағат 00.42-уақытында клуб жұмыс істеуде болған.

Елорданың барлық құзыретті органдары Мемлекет басшысы мен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссиямен бекітілген шаралар мен уақытша шектеулердің сақталуын қадағалауда.