Елордада төтенше жағдай режимін сақтау бойынша

26 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төтенше жағдай режимі жариялағаннан бастап елордалық  құқық қорғау органдарымен  159 тұлға жауапкершілікке тартылды:

- заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін (маска  және антисептик сату) ӘҚБтК-нің 463 бабымен 39 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- ӘҚБтК-нің 478 бабымен (төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) - 1 тұлға.

- ӘҚБтК-нің 476 бабымен  (төтенше жағдай режимін бұзу) - 119 тұлға.

Әкімшілік істерді қарау нәтижесінде 124 тұлғаға жалпы 3 883 715 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл, 35 тұлғаны қамақа алу жазалары тағайындалған.

Сонымен қатар, құқықбұзушылық құралдары -  2234,7 литр антисептик, 17 946 дана медициналық маска мемлекет пайдасына өндірілді.

Жаппай адамдар жиналу обьектілерінің заңсыз жұмыс істеуі және карантин талабының сақталмау фактілері бойынша 74 субъект жауапкершілікке тартылды: кафе-13, азық - түлік емес дүкендері – 14, асхана – 8, донер орындары – 6, бильярд клубтары – 3, тігін шеберханасы  – 3, компьютерлік клубтар- 5, сұлулық салондары -5, сауна – 5, СПА-1, ТҚО – 5.

Мысалы, 24.03.2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік сотының қаулысымен,  ұйғарымға қарамастан өзіне тиісті «Достар» бильярд клубының жұмыс жасауына жол бергені үшін азамат Р.О.  5 тәулікке әкімшілік қамақка алынды.

Елорданың барлық құзыретті органдары Мемлекет басшысы мен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссиямен бекітілген шаралар мен уақытша шектеулердің сақталуын қадағалауда.