Елордада төтенше жағдай режимін сақтау

24 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Республиканың барлық аумағында СОVID-19 коронавирустық инфекциясының әлемдік таралуына байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдай енгізілді.

Күрделенген санитарлық–эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы  ағымдағы жылдың 19 наурызының сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізді, ол келесіні қарастырады:

- ауқымды санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

- карантиндік аймақтың периметрін белгілеу;

- адамдардың жүруін, сондай-ақ көліктердің кіруін/шығуын шектеу және де ұйымдастыру сипатындағы басқа да шаралар.

Карантин барлық тұрғындардың жалпы қауіпсіздігі үшін енгізілді, оның міндеті қатаң бақылау енгізу арқылы инфекцияның таралу тізбегін тоқтату.

Бұл вирустардың таралуын болдырмау үшін бүкіл әлемде қолданылатын негізгі құрал. 

Қытайда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың динамикасын төмендетуге және жаппай жұқтырудың алдын алуға шешуші және де қолданылған қатаң шаралар мүмкіндік берді. 

Алайда, карантин талаптарын сақтау жөніндегі нұсқамаларға қарамастан, жекелеген азаматтар заңды барынша айналып өтуге тырысып,  саналы түрде жұқтыру үшін қауіп төндіреді.

Мысалы, 2020 жылғы 22 наурызда азамат Елубаев карантиндік режим кезінде қала шекарасын заңсыз кесіп өту қызметін көрсетуді жоспарлаған, алайда полиция қызметкерлерімен дереу ұсталды.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Нұр–Сұлтан қаласы сотымен Елубаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұған дейін хабарланғандай, жаяу жүргінші ретімен қалаға ерекше кіруді бұзу әрекеті үшін екі тұрғын әрқайсына 15 тәулік түрінде әкімшілік қамауға алынды.

Сот өндіріснде карантинді режим бұзғанү үшін 7 тұлғаларға қатысты әкімшілік құжаттар қаралуда.

Осыған байланысты, сондай-ақ шектен тыс жағдайда жасалған кез келген құқыққа қарсы әрекеттер жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар деп танылады (Қылмыстық Кодекстің 54-бабы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 57-бабы), бұл тиісінше неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғады.

Прокуратура органдары тұрғындардан сананы білдіруді және бүкіл халықтың денсаулығын қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан карантиндік іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Төтенше жағдай режимін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.