Елорда прокуратурасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі тезистері талқыланды

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елорда прокуратурасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі тезистері талқыланды - 1573379807

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Оның жұмысына Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары, атап айтқанда «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы, «Атамекен» ҰКП, «Заңгерлер одағы», «Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлерінің ұйымы» қатысты.

Пікірталас алаңында Жолдауда қойылған негізгі міндеттер қаралды: азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың сапасын арттыру, азаматтар құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлікті қолдау, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіру.

Қала прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов өз хабарламасында азаматтардың, жеке кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтарын қорғау, тұрмысы төмен халыққа атаулы әлеуметтік көмекті тиісті түрде көрсету бөлігінде қадағалау қызметінің нәтижелерін атап өтті.

 Дөңгелек үстел отырысына қатысушы сарапшылар өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Елорда прокуратурасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі тезистері талқыланды - 543621719

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу