Елорда прокуратурасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқу бойынша байқау өткізілді

17 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елорда прокуратурасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқу бойынша байқау өткізілді - 1788812019

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын тойлау аясында қалалық және аудандық прокуратуралардың қызметкерлерінен құралған 5 топтың қатысуымен «Абай оқулары» байқауын өткізді.

Аталған конкурстың  мақсаты – ұлы ақынның әдеби шығармаларына қызығушылығын ояту, көркем әдебиетті насихаттау және прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру.

Сайыс барысында прокуратура қызметкерлері ақынның шығармаларын жатқа айтып, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінділер оқи отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Қазылар алқасы ретінде «Qalamger.kz» әдеби порталының бас редакторы ақын Айжан Табарак, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің профессоры Жұмағұл Сағынбай, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратура органдарының ардагері Аленов Тельман, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жауапты қызметкерлері шақырылды.

Қазылар алқасының мүшелері актёрлік қойылымды, дикция мен дұрыс айтылуын, сахналық көрініс және Абай шығармаларын орындау мәнерін бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Алматы» ауданы прокуратурасының тобы, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының тобы және үшінші орынды «Есіл» ауданы прокуратурасының тобы иеленді.

Іс-шараға белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға сыйлықтар, алғыс хаттар мен грамоталар тапсырылды.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы

Елорда прокуратурасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқу бойынша байқау өткізілді - 2029065593
Елорда прокуратурасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқу бойынша байқау өткізілді - 870333446
Елорда прокуратурасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқу бойынша байқау өткізілді - 2104626798

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу