Елорда прокуратурасы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елорда прокуратурасы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады - 1734218838

Елорда прокурорлары қала прокуратурасының Ардагерлер  кеңесімен бірлесіп Қарттар күніне орай прокуратура органдарының зейнеткерлері мен ардагерлерін жылы ықыласпен құттықтады.

Ардагерлердің үйлеріне барып, сыйлықтар табыстай отырып қала прокуратурасы басшылығының және барлық ұжымның атынан зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі.

Аға буынмен кездесу барысында кадрлық дамыту бойынша қала прокурорының аға көмекшісі Айбек Қанатбеков және Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жасарал Көрегенов прокуратура органдарындағы көп жылғы адал қызметтері үшін оларға құрмет пен алғысын жеткізді.

  Сондай-ақ қонақтар ардагерлердің бай өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен алдағы уақытта да прокуратураның жас қызметкерлерімен бөлісуіне үміт білдірді.

Елорда прокуратурасы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады - 1805937446

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу