Дәрілік заттардың алыпсатарлығына қарсы күрес

07 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасымен карантиндік шараларды енгізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, мобильді топ құрамында прокуратура қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен 1993 жылы туылған азамат М.С. Қабудллина дәрі-дәрмектерді қайта сату кезінде рұқсат етілмеген жағдайда заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтап, келесі дәрі-дәрмектер алынды: цефтриаксон - 244 ампулалар; парацетамол - 234 пластинкалар; азитромицин - 12 қорап; ингавирин - 6 қорап.

Жиналған материалдардың негізінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 06.07.2020 жылғы қаулысымен М.С. Қабдуллина ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған дәрілік заттар тәркілене 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Осыған байланысты елорда прокуратурасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу дәріхана қоймаларында не қызметінің басталғаны туралы медициналық бұйымдар қоймасы арқылы хабарландырады, ал дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде, не қызметінің басталғаны туралы оптика және медициналық бұйымдар дүкендері арқылы хабарлаған бөлшек саудада өткізу, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен.

Бұл ретте, көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде лицензияның тиісті түрінің болуы қажет.

Өз кезегінде, Азаматтық кодекстің 11-бабына сәйкес негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған кез келген қызмет, сондай-ақ кәсіпкерлік бостандығын өзге де теріс пайдалануға жол берілмейді.