Дәрі-дәрмектермен алыпсатарлар ауыр жазаны күтуде

03 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Полиция, Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеу, Фармацевтикалық бақылау департаменттерінің қызметкерлері құрамындағы қала прокуратурасының мобилдік тобы дәрілік заттармен алыпсатарлық фактілерін болдырмау бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

Мәселен, 16.07.2020 жылы бір жұмыс күні ішінде дәріханалардың дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатуының 13 фактісі анықталды.

Мысалы, Ә.Бөкейхан көшесіндегі дәріханада "Терафлю" дәрілік препаратының бір қорабы 2 500 теңге бағамен сатылды, ал оның шекті бағасы 1 944 теңгені құрайды.

Бегелдинов көшесіндегі дәріханада "Сумамед" антибиотигі 5800 теңгеден сатылды, оның шекті бағасы - 4 184 теңге.

Сарыарқа даңғылында орналасқан дәріханада 200 мг парацетамол 100 теңгеден сатылды (шекті бағасы - 34 теңге).

Қошқарбаев даңғылы мекен-жайындағы дәріханада Қазақстан Республикасында тіркелмеген Ингавирин 90 мг. №10 (РФ өндірісі) препаратын 6000 тг бағамен сату фактісі анықталды (бір қабы үшін).

Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату және Қазақстанда тіркелмеген дәрілік заттарды сатудың барлық фактілері бойынша материалдар жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.