Дәрі-дәрмектерге бағаларды көтерудің жолы кесілуде

15 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының дәрілік заттардың алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу бойынша тапсырмасын орындау аясында Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасының үйлестіруімен прокуратураның, полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер және фармацевтикалық бақылау департаменттері қызметкерлерінің есебінен мобильді топтар құрылған.

Ағымдағы жылдың шілде айының 5 – 15 күндері аралығында әлеуметтік желілерде орналастырылған хабарламаларға мониторинг нәтижелерімен жеке тұлғалардың дәрілік заттарды заңсыз қайта сатудың 41 фактісі және дәрілік заттарды дәріханаларда жоғарылатылған бағамен сатудың 10 фактісі анықталды.

Барлығы айналымнан 17,5 млн. теңгеден астам сомаға тәркіленуге жататын дәрілік және басқа да медициналық заттардың 4 625 қаптамасы алынды.  

Кінәлі тұлғаларға қатысты құжаттар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органға жолданған.

4 факт бойынша кінәлілер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған құжаттар сотқа жолдау үшін әзірленуде.

Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылуда.

Астананың тұрғындарын алыпсатарлықтың және дәрілерді көтеріңкі бағамен сатудың кез келген фактілері бойынша қала прокуратурасына хабарлауды сұраймыз (байланыс номерлері 87002720393, 87019991759 WhatsApp).